2026 жылдың 4 маусымында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары әдіскерлерінің облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберінде «Педагогикалық және әдістемелік идеялардың калейдоскопы» тақырыбындағы семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты: әдістемелік жұмыстың тиімді жүйесін жобалау және ТжКОБ білім беру процесіне инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы колледж әдіскерлерінің кәсіби шеберлігі мен басқарушылық құзыреттіліктерін дамыту.
Бағдарламаға сәйкес іс-шара барысында қатысушылар келесі тақырыптар бойынша жұмыс тәжірибелері мен баяндамаларын ұсынды:
- «Әдістемелік қызмет: функциялары, мазмұны мен нәтижелері», Кашина Е.А., колледж әдіскерлерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК әдіскері;
- «Колледжде педагогикалық кеңестерді өткізу кезінде коучингтік тәсілді қолдану», Ишанкулова Р.М., «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің оқытушысы;
- «Колледжде жобалау-зерттеу қызметін ұйымдастыру», Тусупова А.Т., «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, Тофан К.А., Кузембаева А.Ж., әдіскерлері;
- «ТжКОБ білім алушыларының функционалдық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру», Горбатова Ю.В., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК педагогика пәнінің оқытушысы, Рыбинцева Н.Ф., информатика және математика пәнінің оқытушысы;
- «Болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруда «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» құралының практикалық маңызы», Муфталова А.К., Махаметчин Е.Д., Денеева А.Р., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары.
ZOOM платформасында өткізілген семинарға облыс колледждерінің 32 педагогы қатысты.





umc.krg@karagandyedu.kz






