Аттестатталатын орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесі трансляцияланды
10-06-2026 11:27
Аттестатталатын орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесі трансляцияланды

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылдың 1-9 маусым аралығында орыс тілі және әдебиеті, шет тілдері мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесін трансляциялады. Трансляцияға Қарағанды, Приозерск, Теміртау, Балқаш қалаларының, Шет ауданының орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдерінің мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының мұғалімдері  қатысты. Қарағанды облысының 31 педагогы әріптестеріне орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған өздерінің әдістемелік құралдарын, ұсынымдарын және авторлық бағдарламаларын ұсынды. Педагогикалық тәжірибені   Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ксения Петровна Цой, Филатова Светлана Ивановна, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері            Қауымдастығының төрайымы  Анастасия Александровна Кисленко, шет тілдері мұғалімдері  Альфия Мұхамбетовна Касенова, Анна Викторовна Юстус модерациялады.Педагогикалық тәжірибені тарату өңірдің үздік педагогикалық тәжірибелерін жүйелендіруге және тілдерді оқытудың тиімді тәсілдерімен бөлісуге көмектесті.