Размер шрифта:
Қарағанды облысы колледждерінің әкімшілік құрамына арналған тамыз конференциясының секциялық отырысы
24-08-2026 16:21
Қарағанды облысы колледждерінің әкімшілік құрамына арналған тамыз конференциясының секциялық отырысы

   Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 24 тамызда «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК базасында «Нәтижелерден дамуға: кәсіби құзыреттілік, басқарушылық шешімдер және адами капитал» тақырыбында №1 секциялық отырысын өткізді. Іс-шараға облысколледждері директорларының 60-тан астам оқу, оқу-өндірістік, ғылыми/оқу-әдістемелік жұмысы, кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлері қатысты.

   Отырыс бағдарламасын ҚОББД ОӘО басшысының орынбасары Татьяна Георгиевна Нартова жаңа халықтық Конституцияның құндылықтары арқылы адами капиталды қалыптастыру туралы баяндамасымен ашты. ҚОББД ОӘО ТжКОБ бөлімінің әдіскері Тұрсын МукановнаБаймаганбетова ТжКБ жүйесіндегі адами капиталды дамытудың негізі ретінде оқытуды, ғылыми-әдістемелік және тәрбие жұмысын интеграциялау аспектілерін аша отырып, бұл тақырыпты одан әрі жалғастырды. Педагогтердің кәсіби дамуын басқарушылық ресурс ретінде пайдалану және оны әдістемелік сүйемелдеудің талдамалық мәселелерін ҚОББД ОӘО ТжКОБ бөлімінің басшысы Айнұр АхатовнаКнашина баяндады.

   Бағдарламаның практикалық бөлігі нормативтік өзгерістер мен технологияларға арналған баяндамалардан тұрды. ҚОББД ОӘО білім мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің басшысы АйгульЗейнулаевнаМухамедьярова педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасына қатысу шарттарын, бағалау критерийлерін және оны іске асыру механизмдерін түсіндірді. Цифрландыру блогын ҚОББД ОӘО цифрландыру және жасанды интеллект бөлімінің әдіскері Бақнұр Бақытжанқызы цифрлық құзыреттіліктерді дамыту туралы баяндамасымен таныстырса, CareerHub.kz компаниясының жобалар жөніндегі менеджері Дария Нұрғажықызы оқу процесін автоматтандыру, кәсіптік бағдар беру және оқу мәдениетін дамытуға арналған ЖИ-құралдарын ұсынды.

Кездесу соңында ҚОББД ОӘО ТжКОБ бөлімінің әдіскерлері баяндама жасады: Ирина Александровна Зубарева өңірдегі кәсіптік бағдар беру жұмысын дамыту векторларын таныстырса, Ирина Павловна Шленская білім беру сапасын арттырудағы WorldSkills стандарттары бойынша демонстрациялық емтиханның рөлі мен 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша студенттердің функционалдық сауаттылығын дамытудың жүйелі тәсілдерін баяндап берді. Отырыс ашық пікірталаспен аяқталып, онда қатысушылар түйткілді мәселелерді талқылап, жаңа оқу жылына арналған міндеттерді айқындады.