Шахтинск қаласы, Бұқаржырау, Нұра, Осакаров аудандарында математика пәнінің мұғалімдері үшін тамыз кеңесінің облыстық секциялық отырысы өткізілді.
25-08-2026 17:30
Шахтинск қаласы, Бұқаржырау, Нұра, Осакаров аудандарында математика пәнінің мұғалімдері үшін тамыз кеңесінің облыстық секциялық отырысы өткізілді.

   2026 жылдың 25 тамызында аймақтардың математика пәнінің мұғалімдері, әдіскерлер және әдістемелік бірлестік жетекшілері үшін «Жаңа халықтық конституцияның нормалары мен құндылықтары: математикалық білім беру арқылы адам капиталын дамыту».тақырыбында тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді.

    Секциялық отырыс барысында келесі мәселелер мен жұмыстың басты бағыттары қарастырылды:

  • 2025-2026 оқу жылындағы білім алушылардың білім сапасын талдау, жаңа оқу жылына арналған мақсаттар мен міндеттерді айқындау. 2026-2027 оқу жылының жұмыс жоспарымен танысу.
  • Әдістемелік нұсқау хат «2026-2027 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»
  • Олқылықтарды мониторингілеу: академиялық үлгермеушілікті еңсеруге арналған жеке траекториялар. БТС, ББЖМ-2026 нәтижелерін талдау.

Секция отырысының нәтижесі бойынша математикалық білім беру сапасын арттыруға және білім алушыларды үйлесімді дамытуға бағытталған әдістемелік ұсынымдар қабылданды.

Секция модераторлары:

  1. Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері
  2. Ташкен Жанна Сериковна, Саран қаласы «№17 мектеп-гимназиясы» КММ математика пәнінің мұғалімі
  3. Ермакова Светлана Геннадьевна, Шахтинск қаласы «С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ математика пәнінің мұғалімі
  4. Балтабаева Айгуль Маратовна,Қарағанды қаласы «М.Жұмабаев атындағы гимназия» КММ математика пәнінің мұғалімі

Барлық педагогтерге өнімді, шабытты және табысты жаңа оқу жылын тілейміз!