Шет ауданында «Информатика және жасанды интеллект» пәні педагогтеріне арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті
28-08-2026 14:56
Шет ауданында «Информатика және жасанды интеллект» пәні педагогтеріне арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті

     2026 жылғы 28 тамызда Қарағанды облысының білім басқармасы мен Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Шет ауданының «Информатика және жасанды интеллект» пәні педагогтеріне арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді.

Секциялық отырыс барысында 2026–2027 оқу жылындағы пән бойынша жаңашылдықтар талқыланып, оларды оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері Е.А. Байбусинов таныстырды. Шет ауданының білім бөлімінің әдіскері Д.Б. Боранбаева 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша талдау жасап, жаңа оқу жылына қойылған міндеттерді айқындап берді.

Шара барысында Қызылтау негізгі орта мектебінің педагогі М.С. Сахиева мен Гагарин мектеп-лицейінің педагогі И.Б. Төлеуова және CareerHub.kz компаниясының жобалар бойынша менеджері Нұрғажықызы Дария озық іс-тәжірибелерімен бөлісті. Кеңес соңында педагогтер өзекті мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, өзара пікір алмасты.