2026 жылғы 27 тамызда Қарағанды облысының білім басқармасы мен Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Балқаш қаласының «Информатика және жасанды интеллект» пәні педагогтеріне арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді.
Секциялық отырыс барысында 2026–2027 оқу жылындағы пән бойынша жаңашылдықтар талқыланып, оларды оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері Бақытжанқызы Бақнұр таныстырды. Балқаш қаласының аудандық білім бөлімінің әдіскері Мухаметжанова Жайнагуль Саденовна 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша талдау жасап, жаңа оқу жылына қойылған міндеттерді айқындап берді.
Шара барысында С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының педагогтері Мұсаханова Жанар Жанатовна, Нупбаев Марат Тайтолеуович пен Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің педагогтері Джабаспаева Жулдыз Болатбековна, Аманжол Қарақат Аманжолқызы озық іс-тәжірибелерімен бөлісті. Кеңес соңында педагогтер өзекті мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, өзара пікір алмасты.





umc.krg@karagandyedu.kz








