АРНАЙЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
31 тамызда Қарағанды облысының арнайы және инклюзивті білім беру
педагогтерінің секциялық отырысында 2026–2027 оқу жылына арналған
жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды. Іс-шараға білім бөлімдерінің
әдіскерлері, арнайы білім беру ұйымдарының директорлары, сондай-ақ жалпы
білім беретін мектептер мен арнайы мектеп-интернаттар директорларының
орынбасарлары қатысты.
Отырыс барысында арнайы мектеп-интернаттар мен Аутизм орталығы
базасындағы инклюзияны қолдау ресурстық орталықтарының қызметіне, сондай-
ақ ресурстық желіні кеңейтуге ерекше назар аударылды. Алты облыстық
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) базасында
ресурстық орталықтар ашу, олардың негізгі бағыттарын айқындау және білім
бөлімдерімен өзара іс-қимыл орнату мәселелері қаралды.
Сонымен қатар жыл соңына дейін түзету кабинеттері мен оңалту
орталықтары базасында ерте көмек көрсету қызметтерін дамыту жоспарланды.
Қатысушыларға цифрлық инклюзия мүмкіндіктері мен білім беру процесінде
ассистивті технологияларды қолдану жолдары таныстырылды. Секциялық отырыс
соңында «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» республикалық
байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды.
Жаңа оқу жылында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау
жүйесін жетілдіру және бәріне қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыру
жұмыстары одан әрі жалғасады.





umc.krg@karagandyedu.kz








