Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Өрлеу» АТО-мен бірлесе отырып, 2026 жылғы 3-4 қыркүйек аралығында «Білімал» автоматтандырылған басқаружүйесінде (АБЖ) «Мектепішілік бақылау» (МШБ) платформасын пайдалану бойынша онлайн форматта семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты:«Білімал» АБЖ-де мектепішілік бақылау (МШБ) модульдерін баптау, бақылау іс-шараларын автоматтандырылған жоспарлау, аналитика жинау және қорытынды есептерді қалыптастыру арқылы білім беру процесін цифрлық басқару дағдыларын қалыптастыру.
Мақсатты аудитория:білім беру бөлімдерінің ақпараттандыру мәселелеріне жетекшілік ететін әдіскерлері және мектеп директорларының «Білімал» жүйесін толтыруға жауапты орынбасарлары.





umc.krg@karagandyedu.kz







