Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысы
08-09-2026 09:31
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысы

     2026 жылғы 8 қыркүйекте Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысы өтті.

     Орталық басшысы Б. Х. Әбдікерованың төрағалығымен өткен отырыс шеңберінде жаңа 2026–2027 оқу жылында Қарағанды облысының білім беруді дамыту векторларын айқындауға бағытталған өзекті мәселелердің кең ауқымы қаралды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:

Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және оқу процесін ұйымдастыру:

  • Оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері қаралып, алдағы оқу жылына арналған стратегиялық мақсаттар мен міндеттер айқындалды;
  • 2026–2027 оқу жылында облыстың білім беру ұйымдарының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Ішкі жоспарлау және үйлестіру:

  • Оқу-әдістемелік орталық бөлімдерінің Жұмыс жоспары қаралып, бекітілді;
  • Орталық әдіскерлерінің функционалдық міндеттері бөлініп, ОӘО жанынан құрылатын облыс педагогтерінің жұмыс топтарының құрамы бекітілді.

Қауіпсіз білім беру ортасы және инклюзия:

  • «Білім беру ұйымдарында «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету: қауіпсіз ортаның конструкторы және құқық бұзушылықтар мен буллингтің алдын алу» әдістемелік ұсынымдары ұсынылып, пайдалануға ұсынылды (құрастырушылар: Горбатова Е.А., Денисовская И.С., Чагин А.О.);
  • Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация базасындағы инклюзияны қолдау жөніндегі ресурстық орталық туралы Ереже қаралды (құрастырушы: Дауыпбаева У.Т.).

Педагогтердің кәсіби дамуы және білім алушыларды қолдау:

  • «Үздік педагог» құрметті атағына үміткерлерді бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштері ұсынылды;
  • Дүниежүзілік туризм күніне орайластырылған колледж студенттеріне арналған «Қарағанды облысының үздік туристік маршруты» облыстық қашықтықтан жобалар конкурсы хабарланды (әзірлеуші: Баймағанбетова Т.М.).

Инновациялық жобалар:

  • «Болашақ Педагог» педагогикалық сыныбының жобасын қарауға ерекше назар аударылды (жоба жетекшісі — Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Жекебаев Д.Ш.; әзірлеушілер: Әбдікерова Б.Х., Суртубаева Д.А., Шубакова К.И.).

Отырыста қабылданған барлық шешімдер, бекітілген ұсынымдар мен жобалар қауіпсіз, қолдау көрсететін және жоғары технологиялық білім беру ортасын құруға, сондай-ақ Қарағанды облысының педагогикалық қауымдастығының біліктілігін жүйелі түрде арттыруға бағытталған.