2026 жылғы 8 қыркүйекте Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған облыстық әдістемелік семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін (ЕБҚ) ескере отырып, кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын жобалау, бейімдеу және жүзеге асыру бойынша колледждердің басқарушы құрамының басқарушылық әрі әдістемелік құзыреттіліктерін дамыту.
Семинар жұмысы шеңберінде өңірдегі инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі аспектілері қаралды:
Инклюзияны дамытудың жай-күйі мен келешегі – Қарағанды облысындаББД ОӘО басшысының орынбасары Т. Г. Нартова облыс колледждеріндегі инклюзивті кеңістікті дамытудың сараптамалық шолуы мен стратегиялық бағдарларын ұсынды.
Оқу процесін ұйымдастыру – «Қарағанды технология және сервис колледжі» КМҚК әдіскері, «Талап» КЕАҚ штаттан тыс тренері К. А. Жуманбаева инклюзивті ортаны басқарудағы және оқу жұмысын тиімді ұйымдастырудағы басшы орынбасарының рөлін баяндап берді.
Құжаттаманы жобалау және әзірлеу – «Қарағанды жоғары инжиниринг колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А. А. Бондарева ЕБҚ бар тұлғаларға арналған арнайы білім беру бағдарламалары мен жеке оқу жоспарларын әзірлеудің практикалық тәжірибесімен бөлісті.
Сұхбат алаңы барысында қатысушылар нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылап, инклюзивті процесті сүйемелдеу бойынша практикалық ұсыныстармен алмасты.
Әдістемелік семинарға облыс колледждерінің әкімшілік құрамынан 43 өкіл қатысты.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға облыстың ТжҚОБ жұмысында пайдалану үшін әдістемелік материалдар жіберілді.





umc.krg@karagandyedu.kz



