«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіби шеберліктің «JasSkills» өңірлік чемпионатын өткізу ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық инструктивті-әдістемелік семинар
09-10-2026 17:32
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіби шеберліктің «JasSkills» өңірлік чемпионатын өткізу ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық инструктивті-әдістемелік семинар
     2026 жылғы 9 қазанда «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығы» КМҚК Қарағанды облысының колледждерінде кәсіби шеберліктің «JasSkills» өңірлік чемпионатын ұйымдастыру және өткізуге жауапты директордың орынбасарлары мен жауапты педагогтер үшін «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіби шеберліктің «JasSkills» өңірлік чемпионатын өткізу ерекшеліктері» тақырыбында облыстық инструктивті-әдістемелік семинар өткізді.
     Чемпионатты өткізудің мақсаты – кәсіби бағдар жұмысының практикалық формалары үшін жағдай жасау. Бағдарлама барысында чемпионатты дамытудың өзекті бағыттары қарастырылды:
     Кәсіби шеберліктің өңірлік чемпионатын дамытудың ағымдағы жағдайы мен перспективалары туралы баяндамамен «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшысының орынбасары Татьяна Георгиевна Нартова сөз сөйледі.
     ТжКОБ жүйесінде «JasSkills-2027» өңірлік чемпионатын ұйымдастыру
мәселелерін «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері Ирина Александровна Зубарева баяндады.
     JasSkills механизмдері арқылы мектеп оқушыларымен жұмыс істеудің
практикалық тәжірибесімен «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Андрей Сергеевич Тычинин бөлісті.
     «Мынжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК базасында ауыл шаруашылығы құзыреттері бойынша «JasAgroSkills-2026» жарыстарын ұйымдастыру және өткізу тәжірибесі туралы директордың оқу- өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Гаухар Абилмажиновна Нургалиева айтып берді.
     Іс-шара соңында қатысушылар «сұрақ-жауап» сессиясы аясында өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, семинарды қорытындылай алды. Өткізілген кездесу әдістемелік жұмысты жүйелеуге және алдағы чемпионатқа кадрлар даярлаудың бірыңғай стандарттарын белгілеуге мүмкіндік берді. Семинарға колледждердің 29 өкілі қосылды.