ОБЛЫСТЫҚ «ТЕМІРҚАЗЫҚ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ БОЙЫНША ҰЙЫМДАСТЫРУ СЕМИНАРЫ
09-10-2026 17:39
ОБЛЫСТЫҚ «ТЕМІРҚАЗЫҚ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ  БОЙЫНША ҰЙЫМДАСТЫРУ СЕМИНАРЫ
2026 жылдың 09 қазаны күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығымен және Қарағанды қаласының №97 гимназиясымен «Темірқазық» жобасы аясында облыстық практикалық семинар өткізілді.
Семинар барысында этно-инженерия мен заманауи цифрлық технологияларды сабақ үрдісінде қолдану, математикалық модельдеу арқылы оқушыларға ғарыштық навигация мен жасанды интеллект негіздерін үйрету, сонымен қатар ұлттық құндылықтар негізінде зерттеушілік дағдыларды және «Адал азамат» тұлғасын қалыптастыру бойынша шеберлік сыныптар өткізілді.
Осы сұрақтар бойынша келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті:
Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері
Дударь Юлия Владимировна, Қарағанды қаласының «№97 гимназия» КММ физика және математика пәні мұғалімі;
Рахимова Салтанат Сейтжановна, Қарағанды қаласының «№97 гимназия» КММ физика және математика пәні мұғалімі.