«Келешек мектептері» білім алушылары арасында республикалық командалық шахмат турнирінің облыстық іріктеу кезеңі
15-10-2026 09:54
«Келешек мектептері» білім алушылары арасында республикалық командалық шахмат турнирінің облыстық іріктеу кезеңі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Ұлттық ғылыми- практикалық дене тәрбиесі орталығы» мен «Қазақстан шахмат федерациясының» бірлесуімен, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оөу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 14 қазаны күні «Келешек мектептері» білім алушылары арасында Қарағанды қаласы «24 жалпы орта білім беру мектебі» КММ, базасында шахматтан турнир болып өтті. Турнирге облыс аудан, қаларынан 14 команда қатысып, бақ сынасты.
Шахмат-жәй ғана ойын емес, ол-логиканың, төзімділіктің, алғырлық пен көрегенділіктің мектебі. Әрбір жүріс-ойдың жемісі, әрбір шешім-жеңіске бастар қадам.
Турнир қорытындысымен Балқаш қаласы №12 ЖОББ мектебінің командасы 1 орын алып 6-7 қараша күні өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.
2 орын- Қарағанды қаласы, «№24 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
3 орын- Қарағанды қаласы, «№19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Жеңімпаз командаға республикалық кезеңде сәттілік тілейміз. Жеңісті
күндеріміз көп болсын.