«Bilimal. Аналитика» жүйесіндегі «Bilimhub» модулі бойынша оқыту семинары өтті
16-10-2026 15:15
«Bilimal. Аналитика» жүйесіндегі «Bilimhub» модулі бойынша оқыту семинары өтті
  2026 жылғы 16 қазанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен «Өрлеу» цифрлық ақпараттық технологиялар орталығының бірлесуімен онлайн оқыту семинары өтті.
  Іс-шара ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылып, «Bilimal. Аналитика» жүйесіндегі «Bilimhub» модулімен жұмыс істеу мәселелеріне арналды.
  Семинарға өңірдің аудандық және қалалық білім бөлімдерінің жауапты қызметкерлері мен әдіскерлері бекітілген кестеге сәйкес қатысты.
  Онлайн оқыту күні бойы кезең-кезеңімен өткізіліп, оған Қарағанды, Балқаш, Приозерск, Саран, Шахтинск, Теміртау қалалары мен Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Ақтоғай және Шет аудандарының өкілдері толық қамтылды.