«Жас жаңгер» облыстық жобасын іске асыру аясында «Жас заңгер: заң білімінен кәсіби бағдарға дейін» тақырыбында семинар
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 16 қазанда «№ 27 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында «Жас заңгер» облыстық жобасын іске асыру аясында «Жас заңгер: заң білімінен кәсіби бағдарға дейін» тақырыбында семинар өткізді.Семинардың мақсаты – білім алушылардың құқықтық санасын қалыптастыру және олардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру.
Іс-шараға Қарағанды облысының тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары, кәсіби бағдар берушілер және «Құқық негіздері» пәнінің мұғалімдері шақырылды. Семинарға барлығы 50 педагог қатысты.
«Жас заңгер» облыстық жобасының қатысушыларына екі бөлім ұсынылды:
1. «Адал азамат» құндылықтары: сабақ барысында жобалық-зерттеу қызметін ұйымдастыру.
2. Жас заңгерлердің құқықтық құзыреттілігін дамыту: тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер.
Мектеп директоры Б.Ж.Махаева «Жас заңгер» жобасы жасөспірімдердің құқықтық мәдениеті
мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған жүйелі тәсілді көрсететінін атап өтті.
Бақытжан Жақсылыққызының жетекшілігімен ұйымдастырылған жұмыс теориялық бөлімнен
интерактивті практикумға бірізді өтуімен ерекшеленді. Бұл тәсіл қатысушыларға алған білімдерін
тәжірибе жүзінде бекітуге мүмкіндік берді. Ашық диалог форматында өткен семинар қатысушылары
құқықтық білімнің күнделікті өмірде қалай қолданылатынын түсінді.Іс-шара білім алушылар мен
педагогтер қауымдастығы тарапынан оң пікірлерге ие болды. Қарағанды қаласындағы № 27 жалпы білім
беретін мектептің жұмыс тәжірибесі оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруда маңызды мәнге ие.
Семинарға қатысушылар мұндай іс-шаралардың факультативтік курстарды оқу-тәрбие үдерісіне енгізу және мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру үшін
аса пайдалы екенін атап өтті.





umc.krg@karagandyedu.kz





