Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Ұлттық ғылыми- практикалық дене тәрбиесі орталығы» мен «Қазақстан шахмат федерациясының» бірлесуімен, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен2026 жылдың 16 қазаны күні Қарағанды қаласы «24 жалпы орта білім беру мектебі»КММ, базасында «Білім берудегі шахмат» жобасын жүзеге асырып жатқан білім мекмелері педагогтері арасында шахматтан турнир болып өтті. Турнирге облыс аудан, қаларынан 64педагогқатысып, бақ сынасты.
Шахмат – педагогтің логикалық ойлауын, стратегиялық жоспарлауын, сабырлылығы мен шешім қабылдау қабілетін шыңдайтын ерекше зияткерлік ойын. Әрбір жүріс – терең ой мен сарабдал шешімнің нәтижесі болса, әрбір партия – төзімділік пен алғырлықты, көрегендік пен табандылықты талап ететін сын. Мұндай турнирлер педагогтердің кәсіби әлеуетін арттырып қана қоймай, өзара тәжірибе алмасуына, зияткерлік мәдениетін дамытуына және шахматты білім беру үдерісінде тиімді насихаттауына мүмкіндік береді.
Турнир қорытындысымен жүлделі орынға ие болған келесі 20 педагог республикалық турнирге жолдама алды.
1 орын - Ниғами Әшей — Абай ауданы
Бокенова Жулдызай — Шет ауданы
Исабаева Айман — Балқаш қаласы
Ахат Роза — Бұқар жырау ауданы
2 орын - Нурсейтова Гулхан — Теміртау қаласы
Бесбаева Самал — Қарағанды қаласы
Омарбекова Гульмира — Қарағанды қаласы
Сулейменова Инкар — Қарағанды қаласы
Касымова Айнура — Теміртау қаласы
Абраева Асема — Шахтинск қаласы
Мурсалимова Лаура — Абай ауданы
3 орын - Құрманхан Гүлбәршін — Абай ауданы
Ануарбекова Гульмира — Қарағанды қаласы
Жарылгапова Жазира — Қарқаралы ауданы
Сатжанова Гульжан — Қарқаралы ауданы
Үрпекова Айжан — Бұқар жырау ауданы
Муртазина Ардак — Ақтоғай ауданы
Республикалық кезеңге жолдама алған барша педагогті құттықтаймыз! Сіздерге алдағы сындарда сәттілік, сәтті жүрістер, нық шешімдер мен жарқын жеңістер тілейміз! Ұстаздық жолдағы ізденістеріңіз бен жетістіктеріңіз шәкірттеріңізге үлгі болып, шахмат арқылы өскелең ұрпақтың логикалық ойлау қабілеті мен зияткерлік әлеуетін дамытуға қосар үлестеріңіз арта берсін. Жеңісті күндеріміз көп болсын!





umc.krg@karagandyedu.kz










