«Цифрлық ұстаз» жобасы аясындағы шебер сынып
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2026 жылдың 16 қазан күні «Цифрлық ұстаз» жобасы аясындағы Бұқар жырау ауданының педагогтері өздерінің іс- тәжірибелерімен бөлісті:
- «Цифрлық ұстаз жобасының аясында білім алушылардың пәнге қызығушылын арттыру» тақырыбында Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің әдіскері Бахыт Ойгорбайұлы;
- «Биология пәнін оқытуда цифрлық платформаларды тиімді қолдану» тақырыбында Бұқар жырау ауданы «Калинин ЖББМ» КММ, биология пәні мұғалімі Хуантай Ержан Хуантаевич;
- «Цифрлы білім беру арқылы физика мен математика пәндерін тиімді оқыту» Бұқар жырау ауданы «Жаңаталап ЖББМ» КММ, физика, математика пәні мұғалімдері Кулжамбекова Ж.Т., Байдавлетова Д.Н.;
- «Заманауи цифрлық құралдар арқылы пәндерді оқыту тиімділігін арттыру» Бұқар жырау ауданы «Үміткер ЖББМ» КММ, тарих пәні мұғалімі Шошайев Аблайхан Дюсенбаевич.
«Цифрлық ұстаз» жобасына қатысатын, 100-ден астам пән мұғалімдері қатысты.





umc.krg@karagandyedu.kz






