«Smart-ұстаз» республикалық инновациялық байқауының өңірлік кезеңі
16-10-2026 17:13
«Smart-ұстаз» республикалық инновациялық байқауының өңірлік кезеңі

   2026 жылғы 16 қазанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің базасында КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев атындағы «Smart-ұстаз» республикалық инновациялық байқауының өңірлік кезеңі өтті.

     Байқауға облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының информатика пәні оқытушылары қатысты. Қатысушылар кәсіби шеберліктерін көрсетіп, инновациялық жобаларын ұсынып, білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды қолдану тәжірибелерімен бөлісті. Байқауға қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынап, жобаларын қорғады, практикалық тапсырмаларды орындады және шеберлік сабақтарын өткізді.

     Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

  І орын– Бубнов Андрей Валерьевич, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК.

     ІІ орын– Шегирова Гульмира Болатовна, «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК.

      ІІІ орын – Қожагулова Аяулым Саятовна, «Қарағанды жоғары «Bolashaq» колледжі» ЖММ.

     Байқау жеңімпаздары мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Іс-шара педагогикалық тәжірибе алмасуға, оқытушылардың кәсіби әлеуетін танытуға және білім беру саласындағы инновациялық бастамаларды дамытуға мүмкіндік берді.

     Жаңашыл педагогтердің идеялары білім сапасынарттыруға ықпал етіп, кәсіби өсу мен жаңа жетістіктерге жол аша берсін!