«ROQED AI» және «EDUCON» ЖИ платформаларымен жұмысты ұйымдастыру: педагогтер мен мектеп басшыларына арналған талаптар мен ұсынымдар
22-10-2026 13:15
«ROQED AI» және «EDUCON» ЖИ платформаларымен жұмысты ұйымдастыру: педагогтер мен мектеп басшыларына арналған талаптар мен ұсынымдар

     «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК 2026 жылғы 22 қазанда облыстың білім беру ұйымдарында «ROQED AI» және «EDUCON» жасанды интеллект платформаларын енгізу және практикалық қолдану мәселелері бойынша онлайн-форматта әдістемелік сағат өткізді.

     Әдістемелік сағаттың мақсаты:білім беру сапасын арттыру, білім алушылардың оқу жетістіктерін талдау және жеке жұмысты автоматтандыру мақсатында педагогтердің «ROQED AI» және «EDUCON» платформаларының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану бойынша кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту.

     Әдістемелік сағатта келесі мәселелер талқыланды:

- «ROQED AI» және «EDUCON» жасанды интеллект платформаларын іске асыру туралы;

- «Roqet AI: цифрлық мүмкіндіктерден педагогикалық шешімдерге дейін»;

- «Практическое применение платформы Roqed AI на уроках химии: создание учебных заданий, визуализация сложных тем и организация индивидуальной работы с обучающимися»;

- «EDUCON платформасын оқу үдерісіне интеграциялау: қатемен жұмыс және ҰБТ-ға дайындықтың тиімді тәсілдері»;

- «Инструменты создания тестов и методика анализа результатов тестирования на платформе edutest.kz».

     Мақсатты аудитория: Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының педагогтері, басшылары, директорлардың орынбасарлары және білім бөлімдерінің әдіскерлері.