«WorldSkills: қатысушыларды дайындаудың тиімді тәжірибелері» атты дөңгелек үстелі
22-10-2026 16:15
«WorldSkills: қатысушыларды дайындаудың тиімді тәжірибелері»  атты дөңгелек үстелі
2026 жылғы 22 қазанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды жоғары инжиниринг колледжі базасында «WorldSkills: қатысушыларды дайындаудың тиімді тәжірибелері» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға 15 педагог қатысты.
WorldSkills және EuroSkills қатысушыларының soft skills дағдыларын диагностикалау және дамыту модельдерімен халықаралық сарапшылар,
Қарағанды жоғары инжиниринг колледжінің педагогтері Акимбаева Назел Рахымбеккызы мен Босиков Александр Геннадьевич бөлісті. Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің педагогтері Тофан Кристина Андреевна мен Таттымбетова Раушан Ережепкалиевна құрылыс құзыреттіліктері бойынша практикалық жаттығулардың тиімді жүйесін қалай құру керектігі туралы айтып берді.
Қарағанды жоғары инжиниринг колледжінің педагог-психологы Тихонова Иляна Борисовна студентке толқудан тікелей конкурс алаңында арылуға көмектесетін нақты психотехникалар мен жаттығулармен бөлісті, сондай-ақ студенттің қажыу (күйзеліс) белгілерін уақытылы байқау үшін педагог психологтың тәлімгермен өзара әрекеттесуі туралы айтты.
Дөңгелек үстел аясында педагогтер республикалық чемпионатқа дайындық жүріп жатқан кірпіш қалау шеберханасына барды.
Кездесу жанды кәсіби диалог алаңына айналды: қатысушылар тәжірибе бөлісті, сұрақтар қойды, практикалық жағдайларды талқылады және студенттерді WorldSkills пен EuroSkills чемпионаттарына дайындаудың тиімді тәсілдерін бірге іздестірді. Мұндай пікір алмасу өте маңызды — ол жұмыстың әртүрлі қырларын көруге, шынайы қиындықтарды ескеруге және практикада қолдануға болатын шешімдерді табуға көмектеседі.
Спикерлерге және барлық қатысушыларға кәсіби диалог пен әрі қарайғы жұмысқа арналған пайдалы идеялары үшін алғыс білдіреміз!