Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жас педагогтердіңкәсіби шеберлігін арттыру, талантты ұстаздарға қолдау көрсету мақсатында 2026 жылдың 27 қазаны күні Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, бастауыш сынып мұғалімі, ұлағатты ұстаз Тұрсын Мұстафино Бейсямбековамен кездесу өтті. Кездесуге Қарағанды, Шахтинск, Сарань, Теміртау қалаларынан, Бұқар жырау, Абай ауданынан жас педагогтер қатысты.
Кездесу «Печа-куча» форматында өткізілді. Кездесу оқу-әдістемелік орталығының 1 қабатында орналасқан «JAÑASHYL USTAZ» жас мамандар шеберханасында ұйымдастырылып, мұражайға саяхат жасалды.
Тұрсын Мұстафино Бейсямбекова жетістікке жету жолындағы еңбектерімен, жетістіктерімен бөлісе отырып жас педагогтеріміздің жүрегінде мұғалімдік қызметке деген ұшқынды тағы бір мәрте жандырды. Өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жас мамандардың сұрақтарына жауап берді. Келесі кезекте печа-куча форматында өтетін кездесуде өз іс-тәжірибесімен алмасатын жас педагогтер анықталып, үздік ұстаздар эстафетаны табыстады.
Отырыстың екінші бөлімінде жас педагогтерге арналған коучинг өткізілді.





umc.krg@karagandyedu.kz













