Қарағанды облысының студенттері «Мен – кәсіпкермін» Гранд-турнирінің өңірлік кезеңінде бизнес-идеяларын ұсынды
28-10-2026 17:29
Қарағанды облысының студенттері «Мен – кәсіпкермін» Гранд-турнирінің өңірлік кезеңінде бизнес-идеяларын ұсынды

2026 жылғы 23 қазанда Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мен – кәсіпкермін» республикалық Гранд-турнирінің өңірлік кезеңі өтті.

Өңірлік кезеңнің ұйымдастырушылары:  «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК мен «Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖММ.

Гранд-турнир студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға, жобалық ойлау дағдыларын дамытуға және жеке бизнесті құру мен дамыту саласындағы практикалық құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.

Қатысушылар Business Model Canvas құралын пайдалана отырып әзірленген бизнес-жобаларын таныстырды, мақсатты аудиторияның қажеттіліктерін талдау, құндылық ұсыныстарын тұжырымдау және өз идеяларын іске асыру перспективаларын бағалау қабілеттерін көрсетті.

Жобалар экономиканың түрлі салаларын қамтитын бағыттар бойынша ұсынылды: ақпараттық және цифрлық технологиялар, әлеуметтік кәсіпкерлік, сауда, өндірісі, білім беру, туризм, креативті индустриялар, экология және басқа да бағыттар.

Өңірлік кезең студенттердің кәсіпкерлік әлеуетін көрсетудің, идеялармен алмасудың және республикалық деңгейде әрі қарай дами алатын келешегі бар жобаларды анықтаудың алаңына айналды.

Байқауға 9 бағыт бойынша барлығы 28 жоба ұсынылды. Конкурс комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша өңірімізді республикалық деңгейде таныстыратын жеңімпаздар анықталды.

Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары:

  • «Туризм»бағыты: Радионова Арина, жетекшісі Лопатина Н.Б., «Академик К.А. Сагинов атындағы Колледж-Мектеп» ЖММ;
  • «Ақпарат, цифрлық технологиялар және ЖИ қолдану»бағыты: Мазяркина Екатерина, Маканов Алишер, Дарчиев Тимур, жетекшісі Бондарева Н.А., «Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖММ;
  • «Өндіріс, технологиялар, ауыл шаруашылығы»бағыты: Жанабек Рахметолла, жетекшісі Садырбаева Р.Т., «Қазақмыс» корпорациясының Политехникалық колледжі» ЖММ;
  • «Білім беру»бағыты: Кәрім Әйгерім, Балгожина Назым, жетекшісі Касымова Н.К., «Қарағанды жоғары «Bolashaq» колледжі» ЖММ;
  • «Экология»бағыты: Митенова Юлия, Лущиков Максим, Бычек Елизавета, жетекшісі Тарасов С.П., «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК.

Жеңімпаздарды, жүлдегерлерді, барлық қатысушылар мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз! Осындай іс-шараларды өткізу ТжКОБ ұйымдарында кәсіпкерлік мәдениетті дамытуға, колледждер аралық өзара іс-қимылды нығайтуға және болашақ мамандардың жеке бастамаларын іске асыруға дайындығын қалыптастыруға ықпал етеді.