ИНКЛЮЗИВТІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ
27–28 қазан күндері «Күзгі мектеп» аясында № 1, 3, 7, 8, 9, 10 арнайы мектеп-интернаттар базасында Қарағанды, Саран, Теміртау және Балқаш қалаларының жалпы білім беретін мектептерінен 187 педагогты қамтыған практикалық семинарлар өтті.
Кездесулер барысында инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың басты мәселелері қаралды:
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің заманауи үлгілері;
- балалардың қабілеттерін ашу үшін қосымша білім беру ресурстарын пайдалану;
- жалпы білім беретін мектеп жағдайында түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру;
- күнделікті оқыту процесінде сенсорлық және қозғалыс практикаларын қолдану.
Арнайы және жалпы білім беретін ұйымдар арасындағы тәжірибе алмасу жеке білім беру маршруттарын іске асырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеуге ықпал етті.





umc.krg@karagandyedu.kz






