Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2026 жылдың 28 қазаны күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен облыс аудан, қалаларында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының аудандық, қалалық кезеңі болып өтті.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне 813 педагог қатысты.
Тапсырмалар үш блоктан тұрды:
1. Дұрыс жауапты таңдау – 10 сұрақ;
2. Бос орындарды толтыру -10 сұрақ;
3. Шешу және дәлелдеу – 1 тапсырма.
Екі кезең – жабық типтегі тапсырмалар, үшінші кезең ашық сипаттағы. Орындау уақыты – 90 минут, максималды ұпай – 100 ұпай.
Аудандық/қалалық кезеңнен 1орын иеленген педагогтер қаңтар айында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.
Облыстық кезеңге жолдама алған әріптестерімізге сәтілік тілейміз!





umc.krg@karagandyedu.kz








