«Сиқырлы әлем» жалпы білім беретін мектептердің бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімдеріне арналған байқау
03-06-2016 09:54
«Сиқырлы әлем» жалпы білім беретін мектептердің бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімдеріне арналған байқау

    2016 жылдың 03- маусым күні көркемөнер бағытындағы педагогтердің облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясында Шахтинск қаласының А.Исмаилов атындағы Балалар көркемөнер мектебінің базасында Қарағанды облысы жалпы білім беретін мектептерінің бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Сиқырлы әлем» облыстық байқауының ІІ кезеңі болып өтті. 

     І кезеңнің қорытындысы (46 педагог) бойынша  - 32 педагог шығармашылық практикумға (ІІ кезең) қатысты. 

Байқау қорытындысы:

    І дәрежелі дипломБіраяқов Қалижан Қабылбекұлы,Ұлытау ауданы, Алғабас ауылы «№14ЖББОМ» КММ;

    ІІ дәрежелі диплом-  Головчанская Юлия Михайловна, Саран қаласы«№6ОМ»КММ;

ІІІ дәрежелі диплом- Любимова Елена Викторовна,  Қарағанды қаласы «№87ЖББОМ»КММ.

Номинациялардың жеңімпаздары:

«Шебердің қолы»- Шляхова Елена Викторовна, Теміртау қаласы «№9 ЖББОМ» КММ;

«Композицияны креативті орындау»- Кузьмицкая Екатерина Анатольевна, Теміртау қаласы «№23 ЖББОМ» КММ;

«Жұмсақ материал техникасын үздік меңгерген»- Шуткина Татьяна Анатольевна, Абай ауданы «№1 Қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ;

«Фактураны көрсетудегі шеберлігі»- Канисова Елена Геннадьевна, «Бірінші Теміртау Классикалық Лицейі» КММ.