«Мониторинг нәтижелері негізінде 1-сынып оқушыларын оқытуды жетілдіру және білім алшақтығын жою» тақырыбында Күзгі мектеп жұмысы
29-10-2026 11:54
«Мониторинг нәтижелері негізінде 1-сынып оқушыларын оқытуды жетілдіру және білім алшақтығын жою» тақырыбында Күзгі мектеп жұмысы

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылдың 29 қазаны күні Күзгі мектеп жұмысы аясында 1-сынып оқушыларының білім алшақтығын азайту үшін мониторинг нәтижелеріне негізделген тиімді оқыту әдістерін қалыптастыру мақсатында бірінші сынып педагогтеріне арналған «Мониторинг нәтижелері негізінде 1-сынып оқушыларын оқытуды жетілдіру және білім алшақтығын жою» тақырыбында шеберлік сабақтар өткізілді.

Семинар барысында:

  • мониторинг нәтижелері негізінде 1-сынып оқушыларының жеке оқу траекториясын құру;
  • қалыптастырушы бағалау арқылы оқу жетістігін арттыру;
  • балабақшадан мектепке: 5 дағдыны дамытудың сабақтастығы,
  • мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектеп сабақтастығы негізінде бірінші сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тақырыптары талқыланды.

Барлығы 250 ге тарта педагог қатысты.