Пилоттық жоба аясында педагогтерді аттестаттау мәселелері бойынша колледжде түсіндіру жұмыстары жүргізілді
29-10-2026 17:13
Пилоттық жоба аясында педагогтерді аттестаттау мәселелері бойынша колледжде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2026 жылғы 29 қазанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері Ж.Қ. Бөкенов атындағы Қарағанды жоғары колледжінің педагогикалық ұжымымен кездесіп, педагогтерді аттестаттаудың жаңа форматын сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаның негізгі ережелері мен іске асыру тетіктерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға қатысқан мамандар:

  • Мухамедьярова Айгуль Зейнулаевна – білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің басшысы;
  • Кнашина Айнур Ахатовна– техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің басшысы.

Кездесу барысында пилоттық жобаның негізгі ережелері, педагогтердің кәсіби қызметін бағалау критерийлері, біліктілік санаттарына қойылатын талаптар, цифрлық бейін қалыптастыру және кәсіби жетістіктерді растайтын құжаттарды ұсыну ерекшеліктері жан-жақты қарастырылды.

Аттестаттауға дайындықтың практикалық аспектілеріне, атап айтқанда, оқыту сапасына, кәсіби қызмет нәтижелілігіне, педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуға, біліктілікті арттыруға және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында педагогтермен ашық диалог ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, аттестаттаудың өзекті мәселелері бойынша толыққанды түсіндірмелер алды.

Өткізілген кездесу кәсіби өзара іс-қимыл мен пилоттық жобаны іске асыру аясында педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетудің маңызды алаңына айналды.