«Abilympics» кәсіби шеберліктің өңірлік чемпионаты
28-10-2026 17:21
«Abilympics» кәсіби шеберліктің өңірлік чемпионаты

2026 жылғы 23 және 28 қазанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында мүгедектігі бар, дамуында мүмкіндігі шектеулі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған «Abilympics-2026» кәсіби шеберліктің өңірлік чемпионаты 7 құзыреттілік бойынша өткізілді: 

«Қарағанды жоғары инжиниринг колледжі» КМҚК құзыреттер орталығының базасында «Былғарыдан жасалған бұйымдар», «Қышпен жұмыс», «Киіз өнері», «Флористика» ;

«Қарағанды технология және сервис колледжі» КМҚК құзыреттер орталығының базасында «Сән технологиясы», «Шаштараз өнері», «Аяқ киім өндірісі»  .

Бұл шара «Abilympics – 2026» кәсіби шеберліктің өңірлік чемпионатының қорытынды бөлігі болды. Чемпионатты республикалық деңгейдегі үш Құзыреттер орталығының алаңдарында 2026 жылдың маусым – қазан айлары аралығында өткізу материалдық-техникалық жарақаттанудың жоғары деңгейін, бірыңғай стандарттардың сақталуын және барлық қатысушылардың кәсіби дағдыларын көрсетуі үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қатысушылар әрбір құзыреттілік бойынша бірнеше модульден тұратын практикалық конкурс тапсырмаларын орындады (соның ішінде былғары бойынша негізді дайындау және сәндік безендіру, қыш өнерінде пішін жасау және сурет салу, киіз басуда үлгі, өрнек жасау және әрлеу, сондай-ақ қолға тағатын флористикалық әшекей мен интерьерлік композиция, сән технологиясы бойынша әйелдер блузкасын тігу, шаштараз өнерінде көлемді толқындары бар жартылай жиналған шаш үлгісін және көлемді бұйралары бар биік шаш үлгісін жасау, сондай-ақ берілген үлгі бойынша аяқ киімнің үстіңгі бөлшектерін дайындау және өңдеу).

Чемпионатқа Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім оқу орындарынан 20 қатысушы қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды:

«Былғарыдан жасалған бұйымдар» құзыреттілігі бойынша:

1 орын – Қүмісбек Күнжан, «Қарағанды жоғары инжиниринг колледжі» КМҚК студенті;

2 орын – Большекенов Адиль, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті;

3 орын – Ким Константин, «Қарағанды жоғары инжиниринг колледжі» КМҚК студенті;

3 орын – Амангелді Әмірхан, «Қарағанды жоғары инжиниринг колледжі» КМҚК студенті.

«Киіз өнері» құзыреттілігі бойынша:

1 орын – Исатаева Ақниет, «Қарағанды жоғары инжиниринг колледжі» КМҚК студенті;

2 орын – Бахтаева Айым, «Қарағанды жоғары инжиниринг колледжі» КМҚК студенті;

3 орын – Шукало Кристина, «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КМҚК студенті.

«Қышпен жұмыс» құзыреттілігі бойынша:

1 орын – Николаев Артур, «Қарағанды жоғары инжиниринг колледжі» КМҚК студенті;

2 орын – Адилов Амир, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті;

3 орын – Джуркабаев Мирас, «Қарағанды жоғары инжиниринг колледжі» КМҚК студенті.

«Флористика» құзыреттілігі бойынша:

1 орын – Жуматаева Людмила, «Қарағанды жоғары инжиниринг колледжі» КМҚК студенті;

2 орын – Адилов Амир, «Қарағанды жоғары инжиниринг колледжі» КМҚК студенті;

3 орын – Валиева Зарина, «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КМҚК студенті.

 «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша:

1 орын - Регина Кемерова, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КМҚК студенті;

2 орын - Аружан Таштемир, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КМҚК студенті;

3 орын - Жайдары Жакенова, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КМҚК студенті.

«Аяқ киім өндірісі» құзыреттілігі бойынша:

1 орын - Леонид Вистунов, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КМҚК студенті.

«Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша:

1 орын - Аполлинария Смирнова, «Қарағанды цифрлық технологиялар және дизайн колледжі» КМҚК студенті;

2 орын - Анна Яковлева, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КМҚК студенті;

3 орын - Доминика Ниязова, «Қарағанды цифрлық технологиялар және дизайн колледжі» КМҚК студенті.

«Abilympics» чемпионаты — бұл жай ғана байқау емес, бұл жас мамандарды әлеуметтендіру мен кәсіби қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Біз жеңіске деген ерік-жігері мен таңдаған ісіне деген шынайы сүйіспеншілігін көрсеткен әрбір қатысушыны мақтан тұтамыз.