В период с 20 по 22 октября 2026 года в рамках меморандума о сотрудничестве региональных центров развития образования, научно-практических и методических центров состоялся республиканский деловой форум «CaseLab: Площадка лучших практик», организованный НА
02-11-2026 17:29
В период с 20 по 22 октября 2026 года в рамках меморандума о сотрудничестве региональных центров развития образования, научно-практических и методических центров состоялся республиканский деловой форум «CaseLab: Площадка лучших практик», организованный НА

2026 жылғы 20-22 қазан аралығында өңірлік білім беруді дамыту, ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік орталықтардың ынтымақтастық меморандумы аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ мен Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «CaseLab: Үздік тәжірибелер алаңы» республикалық іскерлік форумы өтті.

Мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тиімді басқарушылық, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының үздік тәжірибелерін анықтау, жинақтау, тарату, сондай-ақ кәсіби қауымдастық арасында тәжірибе алмасудың тұрақты алаңын қалыптастыру.

Форумның CaseLab Management бағыты бойынша Қарағанды облысының атынан «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК өкілдері қатысты:

  • әдіскер Сагинтаева Айжан Сеитжанқызы - «Басқарушылық шешімдер және әдістемелік көшбасшылық» тақырыбымен;
  • директордың IT жөніндегі орынбасары Джакупова Молдир Сериковна - «QazEdu Admin AI — Колледж әкімшілігіне басқарушылық қолдау көрсететін интеллектуалды цифрлық платформа» тақырыбымен.

Форум қорытындысы бойынша Айжан Сеитжанқызы мен Молдир Сериковна жүлделі ІІІ орындарды иеленді.

Әріптестерімізді жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз!