2026 жылғы 20-22 қазан аралығында өңірлік білім беруді дамыту, ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік орталықтардың ынтымақтастық меморандумы аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ мен Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «CaseLab: Үздік тәжірибелер алаңы» республикалық іскерлік форумы өтті.
Мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тиімді басқарушылық, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының үздік тәжірибелерін анықтау, жинақтау, тарату, сондай-ақ кәсіби қауымдастық арасында тәжірибе алмасудың тұрақты алаңын қалыптастыру.
Форумның CaseLab Management бағыты бойынша Қарағанды облысының атынан «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК өкілдері қатысты:
- әдіскер Сагинтаева Айжан Сеитжанқызы - «Басқарушылық шешімдер және әдістемелік көшбасшылық» тақырыбымен;
- директордың IT жөніндегі орынбасары Джакупова Молдир Сериковна - «QazEdu Admin AI — Колледж әкімшілігіне басқарушылық қолдау көрсететін интеллектуалды цифрлық платформа» тақырыбымен.
Форум қорытындысы бойынша Айжан Сеитжанқызы мен Молдир Сериковна жүлделі ІІІ орындарды иеленді.
Әріптестерімізді жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз!





umc.krg@karagandyedu.kz





