Жеңіспен расталған кәсібилік: Қарағанды облысы педагогтерінің жетістігі
02-11-2026 17:32
Жеңіспен расталған кәсібилік: Қарағанды облысы педагогтерінің жетістігі

2026 жылғы 14–29 қазан аралығында «Talap» КЕАҚ қолдауымен теміржол саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтері арасындағы кәсіби шеберліктің республикалық байқауы өтті.

Қарағанды облысының педагогтері өңірді республикалық деңгейде лайықты түрде танытып, жоғары кәсіби құзыреттілік пен шеберлік көрсетті. Байқау сындарының қорытындысы бойынша өңір қоржынында педагогтеріміздің кәсіби жетістіктерінің лайықты мойындалуы болған екі жүлделі орын және екі «Кәсібилік медальоны» наградасы бар.

Жүлделі орындарды иеленгендер:

«Теміржол көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» құзыреттілігі бойынша II орын — Тилеубекова Агайша Серикбаевна, «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;

«Логистика» құзыреттілігі бойынша III орын — Макажанова Мадина Сапаргалиевна, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»  КеАҚ  Инновациялық технологиялар колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.

«Кәсібилік медальоны» наградасымен марапатталғандар:

Асылбеков Шынгысхан Адильханович, «Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК оқытушысы;

Шалгынбаев Бактыбай Катжанович, «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК оқытушысы.

Педагогтерді кәсіби жетістіктерінің лайықты бағалануымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер, шығармашылық қуат пен кәсіби қызметтеріңізге толағай табыстар тілейміз!