Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына арналған облыстық дәстүрлі шығармашылық байқау
04-11-2026 12:26
Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына арналған  облыстық дәстүрлі шығармашылық байқау

2026 жылдың 30 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  басшылығымен  Қарағанды  жоғары  гуманитарлық  колледжінде қазақ поэзиясының көрнекті қайраткері, ақын, журналист, драматург, сазгер және көркем аудармашы туғанына Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылған  облыстық дәстүрлі шығармашылық байқау өтті.

Шара барысында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшысы Б.Х. Абдикерова, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің директоры Г.С. Уатаева және ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бағдат Мүбәрак құттықтау сөз сөйлеп, ақын поэзиясына тән сырлы сөз бен өршіл рухты атап өтіп, байқау жұмысына сәттілік тіледі.

Тағылым мен ұлтық рух тоғысқан шараның қонақтары қатарында Қасым ақынның ағасы Ахметжанның немересі Рахымжанов Р.Д., Қарқаралы ауданы №19 жалпы білім беретін тірек мектебінің директоры Оспанқұлов М.З., Қасым Аманжоловтың өміртарихын насихаттаушы Егізбаев Д.М., Сарыобалы ауылдық клуб үйінің ұйымдастырушысы, режиссер Токенбаева Н.С. болды. Сондай-ақ, ақын шығармашылығын насихаттап, Қасым жырларын жүрегіне серік еткен ақын ізбасарлары қатысты.

Қасым Аманжоловтың қызы Жанна Қасымқызы мен ақынның ағасы Тайжанның немересі Рақымжанова Д.Т. жолдаған естелік бейнежазбалар ұсынылды.

         Байқауға Қарағанды облысының колледждерінен 58 студент пен 19 оқытушы қатысты. Қатысушылар төрт номинация бойынша өзара бақ сынады. Тәуелсіз қазылар алқасының шешімі негізінде байқау жеңімпаздары анықталды.

«Барым да, бақытым да – осы өлеңім» номинациясы

Гуманитарлық бағыт бойынша:

1 орын - Тайкен Саммида Дарханқызы, «Ж.Қ. Букенов атындағы Қарағанды жоғары колледжі» ЖММ студенті;

2 орын - Камелова Коркем Жанатовна,   «Қарағанды жоғары гуманитарлық  колледжі» КМҚК студенті;

2 орын Куантаева Альбина Мырзагалиевна, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ студенті;

3 орын - Айғозин Қазыбек Ерболатұлы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК студенті;

3 орын - Медеуұлы Әлішер, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК студенті;

3 орын - Рымбай Сәнім,  «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК студенті.

Техникалық бағыт бойынша:

1 орын - Оралов Бекислам Өміртайұлы, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті  жанындағы «Экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖММ студенті;

2 орын -Ержанұлы Жансерік,        «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті;

2 орын -Әбдімажитов Ерасыл Бауыржанұлы, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚКстуденті;

3 орын - Амангелді Ұлпан Дастанқызы, «Қарағанды жоғары инжиниринг колледжі» КМҚК студенті;

3 орын - Жұмабай Маржан Аманғалиқызы, «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚКстуденті;

3 орын - Қази Ақнұр Тілектіқызы, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ студенті.

«Ей, тәкаппар дүние! Маған да бір қарашы...» номинациясы

Гуманитарлық бағыт бойынша:

1 орын - Байсерке Аяулы, «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМҚК студенті;

2 орын - Бекмырза Регина Дәулетқызы, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММстуденті;

3 орын - Даулетбай Ақбота Қатшыбайқызы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚКстуденті;

3 орын- Ерханқызы Айдана, «Қарағанды жоғары гуманитарлық  колледжі» КМҚК студенті;

3 орын -Аманжол Гүлсезім, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚКстуденті.

Техникалық бағыт бойынша:

1 орын - Еркебұлан Халид Ғалымжанұлы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚКстуденті;

2 орын - Байс Ерслан Алматұлы, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚКстуденті;

3 орын - Жолбай  Мейрамбек  Жалғасбекұлы, «Қарағанды машина жасау колледжі» КМҚКстуденті;

3 орын - Серік Сезім Ерланқызы, «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚКстуденті.

         «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…» номинациясы Гуманитарлық бағыт бойынша: 

          1 орын - Айгерім Жаңбырбайқызы, «Ә. Мусин атындағы Балқаш  жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚКстуденті;        

2 орын - Олжабай Бүркіт Жұматайұлы, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті;

         3 орын - Карибаева Аяулым Санаткызы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК студенті;

Техникалық бағыт бойынша:

1 орын - Жанбатұлы Бекарыс, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК студенті;

         2 орын - Төкеш Жанат Қайратқызы, «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК студенті;

3 орын - Кәртай Зарина Даниярқызы, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті.

        «Ұстазым, сенсің ұрпағымның ертеңі!» номинация бойынша:

1 орын - Бақытбек Әлия Бақытбекқызы, «Саран техникалық колледжі» КМҚК  қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы;

2 орын - Алибекова Шуга Жаксылыковна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы;

2 орын - Каримова Айгерім Тілеубайқызы,      «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы;

3 орын - Бекбергенов Асет Игликович,   «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы;       

3 орын - Омарова Бакытгуль Зинелгабдиновна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы;

3 орын - Мусина Майя Газизовна,«Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМҚК қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы.    

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.