Размер шрифта:
«Педагогтің тиімді құралы ретіндегі жасанды интеллект және цифрлық технологиялар: орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытуды дербестендіру» облыстық семинары (озық тәжірибені тарату)
10-11-2026 17:53
«Педагогтің тиімді құралы ретіндегі жасанды интеллект және цифрлық технологиялар: орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытуды дербестендіру» облыстық семинары (озық тәжірибені тарату)

2026 жылғы 10 қарашада «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК «Педагогтің тиімді құралы ретіндегі жасанды интеллект және цифролық технологиялар: орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытуды дербестендіру» тақырыбында облыстық семинар (озық тәжірибені тарату) өткізді.

Семинар аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын, цифрлық платформалар мен интерактивті технологияларды қолдану бойынша практикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылар оқу материалдарын әзірлеу, кері байланысты автоматтандыру, оқу мотивациясын арттыру және студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мақсатында ChatGPT, Google AI Studio, Canva, Wordwall, QR-технологиялар және басқа да цифрлық шешімдердің мүмкіндіктерін қарастырды.

Семинар кәсіби диалог алаңына айналып, тиімді тәжірибе алмасуға және орыс тілі мен әдебиетін оқытуды жетілдірудің жаңа тәсілдерін іздестіруге мүмкіндік берді.

Семинарға облыс колледждерінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің 43 оқытушысы қатысты.

«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК цифрлық мәдениетті дамытуға және заманауи білім беру технологияларын енгізуге бағытталған педагогтердің бастамаларын қолдауды жалғастыруда.