Математика және физика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
2026 жылдың 12 қарашасы күніҚарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ базасында мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының математика және физика пәні мұғалімдерінің «Тәжірибеге бағытталған оқытудың шексіз мүмкіндіктері» тақырыбындағы облыстық әдістемелік бірлестік (ОӘБ) отырысы өткізілді.
Әдістемелік бірлестіктің бағдарламасы мазмұнды болып, заманауи оқытудың негізгі бағыттарын қамтыды:
- «Білім алушылардың шығармашылығы» білім көрмесі:іс-шара математика пәнінің мұғалімдері Д.Е. Смагулова мен Ә.Б. Қаденов дайындаған оқушылардың шығармашылық және жобалық жұмыстарының таныстырылымымен ашылды.
- Талдау бөлімі:әдіскер Г.О. Сулейманова мен директордың орынбасары З.Ж. Ибраева мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының білім сапасына талдау жасап, педагогтің кәсіби құзыреттілігі үлгерімді арттырудың басты кепілі екенін атап өтті.
-
Тәжірибелік және ашық сабақтар (оның ішінде ағылшын тілінде):лицей педагогтері оқытудың тиімді әдістемелерін іс жүзінде көрсетті:
- 6-сыныпта «Рационал сандарға амалдар қолдану» тақырыбында математика сабағы (мұғалімі М.Х. Касимова);
- 9-сыныпта ағылшын тілінде «Arithmetic sequence in real life» тақырыбында математика сабағы (мұғалімі Л.М. Жалмагамбетова);
- 7-сыныпта ағылшын тілінде «Density of mixture» тақырыбында физика сабағы (мұғалімі Қ.Д. Мақсұт).
- Әдістемелік тренинг:математика пәнінің мұғалімдері Л.М. Жалмагамбетова мен Н.Қ. Қасымова «Математика сабағында зерттеушілік және жобалық оқытуды (PBL) ұйымдастыру» атты тәжірибелік тренинг өткізді.
- Педагогтерге психологиялық қолдау көрсету:мектеп психологі А.Е. Ержанова кәсіби күйзелістің алдын алуға және икемді дағдыларды дамытуға бағытталған «Эмоционалды интеллект — педагогтің кәсіби табыстылығының кілті» тақырыбында тренинг жүргізді.
Отырыс ББД ОӘО әдіскері Г.О. Сулейманованың жетекшілігімен өткен рефлексиямен қорытындыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және ұсынылған тәжірибенің маңыздылығын атап өтті.





umc.krg@karagandyedu.kz









