Размер шрифта:
«Цифрлық ұстаз» республикалық жобасы аясында білімдегі олқылықтарды толтыруға бағытталған практикалық семинар өтті
13-11-2026 17:47
«Цифрлық ұстаз» республикалық жобасы аясында білімдегі олқылықтарды толтыруға бағытталған практикалық семинар өтті

2026 жылдың 13 қарашасында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен «Цифрлық ұстаз» республикалық жобасы аясында математика, физика, химия, биолгия және тарих пәндерінің педагогтері үшін практикаға бағытталған семинар өткізілді.

Семинар барысында білім алушыларға қосымша қашықтан білім беру арқылы олардың білім деңгейін көтеру, білімдегі олқылықтарды толтыру және кез келген уақытта сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында қолданылатын тиімді интернет ресурстары, ЖИ мүмкіндіктері терең қарастырылды.

 

Осы мақсатта Шет ауданының келесі педагогтері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:

  • Боранбаева Дариға Боранбайқызы, Шет ауданы білім бөлімінің әдіскері;
  • Сахибаева Айгул Темиргалиевна, Шет ауданы «Шет жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі;
  • Амирова Данна Ермековна, Шет ауданы «Дарья жалпы білім беретін мектебі» КММ физика пәні мұғалімі;
  • Айгожина Асем Жумановна, Шет ауданы «Ж. Акылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ биология пәні мұғалімі;
  • Әли Қалиман Ерболатқызы, Шет ауданы «Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі (РО) жанындағы интернаты» КММ  химия пәні мұғалімі;
  • Орынбасарова Наргиза Айдаровна, Шет ауданы «Жарық тірек мектебі (РО)» КММ тарих пәнінің мұғалімі.

 

Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс (рефлексия) орнатылып, «Цифрлық ұстаз» жобасы аясында оқу үдерісінде қолданылатын жасанды интеллект құралдары, интернет-ресурстар мен цифрлық платформалардың оқушылардың білім сапасын арттыруға және білімдегі олқылықтарды тиімді жоюға зор септігін тигізетіні ерекше атап өтілді.