Ағылшын тілі мұғалімдерінің «Пәндік және тілдік құзыреттілікті жетілдіру» мектебі
06-06-2016 12:18
Ағылшын тілі мұғалімдерінің «Пәндік және тілдік құзыреттілікті жетілдіру» мектебі

      2016 жылдың 6-16 маусым аралығында Қарағанды облыс әкімінің тапсырмасымен Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ауылдық жердегі ағылышын тілі мұғалімдерінің жазғы мектебін ұйымдастырды.

     «Пәндік және тілдік құзыреттілікті жетілдіру» мектебінің мақсаты: мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту, лингвоәдістемелік құзыреттілігін жетілдіру болып табылады.

     Аудандардан барлығы 214 мұғалім қатысып отыр. (Қазақ тілінде- 154, орыс тілінде 60 мұғалім) Қарағанды облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері және Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың оқытушылары дәріс оқып, оқыту әдістемесімен тәжірибе бөлісіп отырады.