Құрметті әріптестер!Барлық қатысушыларға, Жетекші мектеп үйлестірушілеріне аймақтың сертификатталған мұғалімдері қызметінің дамуы мен оларды сүйемелдеуге бей-жайлық танытпағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
21-06-2016 03:46
Құрметті әріптестер!Барлық қатысушыларға, Жетекші мектеп үйлестірушілеріне аймақтың сертификатталған мұғалімдері қызметінің  дамуы мен оларды сүйемелдеуге бей-жайлық танытпағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Құрметті әріптестер!

      Барлық қатысушыларға, Жетекші мектеп үйлестірушілеріне аймақтың сертификатталған мұғалімдері қызметінің  дамуы мен оларды сүйемелдеуге бей-жайлық танытпағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Конкурстық материалдарды бағалайтын эксперттердің жалпы ойы бойынша жылдан жылға біздің қысқа мерзімді жоспарларымыздың сапасы артуда.

     Бұл қуантарлық жағдай: саннан сапаға қарай жылжып келеміз.

     Жоспарларды құру және жетілдіру үрдісі нақты қызметте де, тәжірибеде де жүреді. Мұғалім тұлғасының, сертификатталған мұғалімдердің командалық рухының, Жетекші мектеп аясындағы мақсаттың ортақтығы мен серіктестіктің мағынасы өте зор.

     Жетекші мектептер мен Магниттік мектептерге білдіретін тілектеріміз: Әрине, кәсіби даму. Біріншіден, эксперттік кеңес қызметінің сапасын үнемі жетілдіріп отыру. Және де толғандыратын мәселелерді, көмегін немесе кедергісін тигізетін жайттарды айтып, жазу, яғни, үнемі рефлексия мен талдау жасау.

    Конкурс қорытындыларымен біздің сайтта таныса аласыздар.

    Барлықтарыңызға тағы да алғысымызды білдіреміз.