«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ іс- тәжірибесін тарату бойынша қорытынды конференция
21-06-2016 12:25
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ іс- тәжірибесін тарату бойынша қорытынды конференция

      2016 жылдың 21 маусымында Қарағанды облысы білім басқармасы, Қарағанды қаласының педагогикалық шеберлік орталығы бөлімшесі және Қарағанды қаласының химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» арасындағы өзара серкітестік туралы меморандум шеңберінде, Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарына «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша қорытынды конференция өткізілді.

      Конференцияға облыс мектептерінің 200 астам директорлары және облыстың 27 мектебінің НЗМ ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша жылдық семинарға қатысушы-педагогтар қатысты.

      Конференция аясында 21 секцияның жұмысы дөңгелек үстел түрінде өтті. Конференцияда мектептер НЗМ тәжірибесін трансляциялау шеңберінде басқарушылық қызметінің мәнін түсінудің тәжірибесін көрсетті, кәсіби-пәндік жоспарларды анықтады. НЗМ тәжірибесін трансляциялау мәселелері бойынша педагог қызметінің моделі мен облыс педагогтарының активті және интерактивті оқыту әдістерін меңгеру үрдістерін ұйымдастыру түсінігін кеңейтті.

      Конференция барысында 27 мектеп Мектептің даму бағдарламаларын, қысқа мерзімді жоспарлауды, формативті тапсырмалар жасауды қорғады, формативті бағалаудың қолданылуымен сабақ үзінділерін және оқу қызметінің әлеуметтену және кәсіби бағдарлану жобасын көрсетті. 2016-2017 жылдарға арналған «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша семинар бағдарламаларын талқылады.