Күзгі мектепті оқытудың 2-ші кезеңі, жаратылыстану-математикалық бағыт мұғалімдерінің бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындауда пәндік біліктіліктерінің деңгейін арттыру мақсатында өз жұмысын бастады.
05-11-2014 03:21
Күзгі мектепті оқытудың 2-ші кезеңі, жаратылыстану-математикалық бағыт мұғалімдерінің бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындауда пәндік біліктіліктерінің деңгейін арттыру мақсатында өз жұмысын бастады.

      Қарағанды облысы білім басқармасы мен Қарағанды облысы білім беруді дамыту орталығының бірлесуімен күзгі демалыс уақытында, яғни 2014 жылдың 4 – 8 қараша аралығында жазғы мектептің жалғасы, күзгі мектепті оқытудың 2-ші кезеңі, жаратылыстану-математикалық бағытмұғалімдерінің бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындауда пәндік біліктіліктерінің деңгейін арттыру мақсатында өз жұмысын бастады. Оқыту өтеді.

        Оқыту облыс әдіскерлері мен жетекші мұғалімдерінің орыс және қазақ топтарында «Тең теңін оқытады» принципі бойынша, келесі облыстық мектептер негізінде оқытуымен жүзеге асырылып жатыр:

-          математика – ОМИ «Мұрагер»

-          физика – ОМИ «Дарын»;

-          география – Жамбыл атындағы №7 ОМИ

-          химия, биология – Н.Нұрмақов атындағы ОМИ.

       Оқуға қатысушылар «Шебер – сыныптар», өздік жұмыстары, тренингтер, дәрістер, есеп шығару жаттығулары, тестілеудің жабық және ашық түрлері бойынша тапсырмалар орындау арқылы өз білімдерін жетілдіріп, өзара тәжірибелерімен бөлісуде.