Орталықты ашудағы негізгі міндеттердің бірі еліміздің «жасыл» технология тәжірибесі негізінде энергия тиімділігін арттыру, «жасыл» технологияны қолдану арқылы ауылшаруашылығының органикалық бағытын дамыту, еліміздегі, шағын энергетика саласындағы туризм және өзге де бағыттар бойынша жеткен жетістіктерді жариялау.
Колледж серіктестерімен бірге 10 «жасыл» технология және ауылдық өңірлердің әкімдеріне, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерінің өкілдеріне арналған оқу семинарларының жоспарлары бекітілді.
Орталықтың ашылу рәсімі аясында G-Global халықаралық хатшылығы басшысының, Қарағанды облысы әкімшілігінің өкілдерімен, Қарағанды облысы «Нұр Отан» партиясының, «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.