2016 жылдың 23 тамыз күні Н.Нұрмақов атындағы ММИ базасында шағын жинақталған мектеп жұмысына жауапты әдіскерлерге тамыз педагогикалық кеңесі өтті
23-08-2016 11:16
2016 жылдың 23 тамыз күні Н.Нұрмақов атындағы ММИ базасында шағын жинақталған мектеп жұмысына жауапты әдіскерлерге тамыз педагогикалық кеңесі өтті

         2016 жылдың 23 тамыз күні Н.Нұрмақов атындағы ММИ базасында шағын жинақталған мектеп жұмысына жауапты әдіскерлер, тірек мектебі директор орынбасарларына арналған, «Шағын жинақталған мектептердегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Қатысушылар саны -28 адам.

        Педагогикалық кеңес білім берудің жаңа философиясы мазмұнын жаңарту негізінде өтті. Педагогтар «Білімді ел-мәңгі ел» Ұлттық идеясын жүзеге асыру шеңберінде рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі ретінде, ЖШМ тәрбиеленушілер мен білім алушылар үшін олардың білім алу қажеттіліктеріне сай білімнің барлық деңгейінің сапалығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, оқу-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруда жаңа амалдар бойынша тәжірибе алмасты. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайларында, оқушылардың қашықтықтан білім алулары бойынша ЦБР қолдану туралы ақпарат кең қызуғышылық туғызды.

       Соңында қорытынды жасалып, жаңа оқу жылына арналған ұсыныстар қабылданып, оны  Қарағанды облысы білім беруді дамыту шараларының кешенді  жоспарына қосу қажеттілігі ұсынылды.