Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2016 жылдың 23 тамызында Нұрмақов атындағы ММИ «Жас ұрпақтың құқықтық және азаматтық тәрбиесі - жаңа Қазақстан азаматын қалыптастырудың негізгі шартының бірі» тақырыбында облыстық секциялық кеңесін ұйымдастырып өткізді.
Облыстық секциялық кеңес отырысына білім бөлімдерінің әдіскерлері, әдістемелік бірлестік жетекшілері және мамандандырылған мектеп-интернат мұғалімдері қатысты. Барлығы 36 мұғалім қамтылды.
Отырыс барысында БД ОӘО әдіскері Калекина Б.А. бағдарламамен таныстырып, өткен оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға талдау жасады.
«Жастарға патриоттық тәрбие беру: мәселелері мен келешегі» тақырыбында Сәтпаев қ. №15 ОМ мұғалімі Нарынбаева А.Ж оқушыларды адамгершілік-рухани тәрбие беруде «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының маңыздылығына тоқталып, қатысушалармен топтық жұмыстар жүргізді.
«Жас ұрпақтың құқықтық және азаматтық тәрбиесі - жаңа Қазақстан азаматын қалыптастырудың негізгі шартының бірі» тақырыбында Оскаровка ауданы, №23 ОМ мұғалімі өз-тәжірибесімен бөлісіп, бейне-роликтерін ұсынды.
«Тарих сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» Жамбыл атындағы ММИ мұғалімі Баймұхатова Б.Х. оқу сауаттылығын дамытуға арналған бірнеше қызықты тапсырмалар түрін ұсынып, пікір алмасты.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнін оқытудағы қиындықтар және оны шешу жолдары» тақырыбында Қарқаралы ауданы, О.А.Жәутіков атындағы ЖББ №1 ОМ мұғалімі Рахимова А.Е топтық жұмыс жүргізсе, Қарағанды қ. № 38 МГ мұғалімі -Баланецкий О.Ф. «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнін оқытудың өзектілігі» тақырыбында тәжірибесін ортаға салды.
«Тарих сабағындағы зерттеушілік жұмыс – оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру негізі» тақырыбында Қарағанды қ., №93 МГ мұғалімі Мясников Е.А. зерттеу жұмысын жүргізу ерекшеліктеріне тоқталып, «Ғылыми жұмыстың мазмұнына қойылатын талаптар» әдістемелік құралымен бөлісті.
«Жаңалықтар әлемі. Жас турист. Жас зерттеуші» облыстық жобасының аясында дайындалған «Өлкетану» электрондық оқулықтарының ішінен үздік деп табылған электрондық оқулық авторлары (Шет ауданы Гагарин МГ мұғалімдері Мукеева. Ж.А, Спатаев Ш.С, және Шахтинск қ., №4 ОМ мұғалімі Хорунжая О.В) өз оқулықтарын таныстырды.
«Жаңалықтар әлемі. Жас турист. Жас зерттеуші» жобасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.
Секциялық отырыстың соңында жаңа оқу жылының міндеттері таныстырылып, ұсыныс шықты. Қатысушылар тарапынан секциялық отырысқа оң баға берілді.