2016 жылдың 23 тамызы күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Н. Нұрмақов атындағы ММИ «Білімді ел – Мәңгі ел» білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық отырысын өткізді. Жаратылыстану пәні мұғалімдерінің секциялық отырысының тақырыбы: «Қазақстан Республикасында білім және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жағдайында жаратылыстану пәндерін оқытудың өзекті мәселелері».
Тамыз кеңесінің секциялық отырысына 37 жаратылыстану пәндеріне жетекшілік ететін білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, әдістемелік бірлестік жетекшілері және мамандандырылған мектеп – интернаттарының мұғалімдері қатысты.
Секцияда жаңартылған білім мазмұнының заманауи тәсілдері, білім беру мазмұнын жаңарту мәнмәтініндегі оқушылардың оқу жетістіктерінің практикаға бағытталған технологиялары талқыланды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың нәтижелі жұмыс амалдарының даму жолдары көрсетілді. Сабақта және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда жұмыстың белсенді түрлерін қолдану жолдары, тәжірибелері, сонымен қатар, оқушылардың негізгі біліктіліктерін дамытудың негізгі механизмдері шеберлік сынып түрінде қарастырылды.
Секциялық отырыста Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалаларының, Жаңаарқа ауданының білім беру ұйымдарының педагогтері шеберлік сыныптар өткізді: Сулейменова С. С., Балқаш қаласы №15 МЛ физика пәнінің мұғалімі «Білім беру мазмұнын жаңарту, үштілділік білім беруді енгізу», Тамаркова Л. В., Теміртау қаласы №16 ЖББОМ физика пәнінің мұғалімі «Жаратылыстану пәні сабақтарында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы», Касымова Ш.М., Жаңаарқа ауданы О. Жұмабеков ат. ОМ химия пәнінің мұғалімі «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы критериалды әдіс», Касымханова С. Е., Қарағанды қаласы №27 ЖББОМ химия пәнінің мұғалімі «Оқушылардың зерттеушілік және жобалау жұмысы – оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту негізі», Косарева С.В.,Теміртау қаласы №20 МЛ биология пәнінің мұғалімі «TIMSS, PISA халықаралық зерттеулер аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыру әдістері».
Секциялық отырыс қатысушылар тарапынан оң бағаға ие болды.