2016 жылдың 23 тамызында №93 гимназияда Қарағанды облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі шеңберінде білім бөлімдерінің бастауыш мектепке сүйемелдеу көрсететін әдіскерлерінің, әдістемелік кабинет меңгерушілері мен бастауыш сынып мұғалімдерінің «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайларындағы белсенді жұмыс түрлері» тақырыбына секциялық отырыстары өтті.
Отырыс мақсаты – Қазақстан Республикасындағы орта білім мазмұнын жаңарту шеңберіндегі белсенді оқыту түрлерін қолдану бойынша тәжірибе алмасу.
Бірінші сыныпта білім беру мазмұнын жаңартудың апробациясы барысында Қарағанды қаласының «№3 гимназиясы» КММ, Нұра ауданының №2 Киевка ЖББОМ өз тәжірибелерімен бөлісті. Пилоттық мектеп мұғалімдері білім беру мазмұнын жаңарту мәнмәтінінде бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін белгі бойынша бағалау жүйесі туралы тәжірибелерімен бөлісті. Сабақтарда белсенді жұмыс түрлерін қолдану бойынша мастер-класстар өткізді, қатысушылармен бірге формативті бағалау үшін тапсырмалар мен материалдар әзірледі.
Барлық сөйлеулер маңызды, тәжірибелік сипат алды және қатысушылармен қызығушылық таныта тыңдалды.
Секциялық отырысқа Абай, Бұқар жырау, Осакаровка, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Ұлытау, Жаңаарқа аудандарынан және Саран, Шахтинск, Сәтбаев, Приозерск, Теміртау, Балқаш, Қарағанды, Қаражал, Жезқазған қалаларынан барлығы 85 педагог қатысты.