2016 жыл 23 тамыз Қарағанды облысы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды қаласы №93гимназияда «Қазақстан Республикасында білім және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесі мазмұнын жаңарту»облыстық секциялық отырысын ұйымдастырып өткізді. Секциялық отырыста білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды бағыттаушы әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйым басшылары мен әдіскерлері қатысты.
Секциялық отырысқа 35 педагог қатысты.
Отырыс іс-тәжірибемен бөлісу түрінде өтті: ҚО ББД ОӘО әдіскері Бугубаева А.Д. мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы нормативтік-құқықтық база мазмұнын жаңарудағы негізгі аспектілері, бұл мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу жоспары екенін атаған болатын.Қарағанды қаласының «Айсулу» балабақшасының әдіскері Семиренко Н.В. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін бағдарламасы - құзіреттілікті қалыптастырудың жаңа тәсілінің кілті» үлгілік бағдарламасының республикалық сараптамадан талдану барысына қатысқан іс-тәжірибесімен бөлісті.
Шахтинск қаласы «Салтанат» балабақшасының директоры Ударцева С.Д., мектепке дейінгі ұйымда үштілділікті енгізудегі тәжірибелік-эксперименттік жұмысының қорытындысының презентациясын ұсынды. Презентация педагог қызметкерлердің атқарған жұмыстарынан «Үштілділік – білім берудегі жаңару факторы» фильмін көрсетті. Инклюзивті білім беру модельдері туралы, баланы оқу-тәрбие жұмысына әлеуметтік бейімдеу жайлы Жезқазған қаласының «Айсулу» балабақшасының директоры Исина А.Т. Темиртау қаласының «Куаныш» балабақшасының инновация әдіскері Калинько Е.В. «Сырттай балабақша» жобасы ата-аналармен жұмысының жаңа түрлерін ұсынды.
Секциялық отырыстағы тыңдаушыларға әрбір сөйлеген сөздер өте сауатты, жаңашыл және қызықты болды. Әрбір қатысушыға сөз сөйлегендердің материалдары бейнетаспа, қаптама қағаздар, кітапшалар ретінде таратылды.
ҚО ББД ОӘО әдіскері Бугубаева А.Д. мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу жоспарын енгізуде әдістемелік ұсыныстарын айтып талдады.
Педагогтар секция жұмысын жоғары деңгейде бағалап, бұл жұмыстың керекті мәселе екенін атады. Мектепке дейінгі ұйым педагогтары секциялық отырысқа қатыса отырып белгілі бір жұмыстарын шешіп алды.