«БІЛІМДІ ЕЛ – МӘҢГІ ЕЛ» тамыз педагогикалық конференциясының шеңберінде 2016 жылдың 23 тамызында Қарағанды облысы білім басқармасының «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №3 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында «Білім беру ұйымының қазіргі заманғы басшысының жобалау және тәжірибелік - зерттеу қызметі» тақырыбында арнайы білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің және бейімделу орталықтары директорларының және олардың орынбасарларының секциялық отырысы өтті.
Кеңеске Қарағанды облысы білім басқармасының бала құқығын қорғау, күту және қамқор болу бөлімінің басшысы Кантарбаева А.Е., Қарағанды облысы білім басқармасының бас маманы Гавриленко Л.К., Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Копбаева Г.С., ҚББ және ҰТИД бөлімінің әдіскерлері, сонымен қоса арнайы білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің және кәмелет жасқа толмағандардың бейімделу орталығының директорлары мен директор орынбасарлары қатысты, барлығы – 53 педагог.
Секциялық отырысқа қатысушылар білім беру ұйымдарында менеджментті жетілдіру мәселелері, корпоративті басқарудың жаңа түрлері мен қағидалары жайында мәселелерді талқылады, жобалық және эксперименталдық жұмыстарды жүзеге асыру бойынша, білім беру үрдістеріне инновациялық технология мен әлеуметтік серіктестікті енгізу бойынша тәжірибе алмасты.
Секция жұмысында ерекше көңіл «Мәңгілік ел» Патриоттық актісінің жүзеге асыру шеңберінде білім беру ұйымдарындағы жүйелі жұмысты қамтамасыз етуге бөлінді.
Cекциялық отырыс қорытындысы бойынша қорытынды жасалды, ұсыныстар қабылданды.