2016 жылдың 24 тамызында Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесінің шеңберінде «Инклюзивті білім беру жағдайларында білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балаларды психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында инклюзивті білім беру бойынша секциялық отырыс өтті.
Секциялық отырысқа Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері, ОПМПК, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, Қарағанды облысы стажер алаңдарының басшылары мен педагогтары қатысты.
Жұмыс барысында келесі сұрақтар қарастырылды:
- Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайларындағы педагогтардың кәсіби біліктілігі;
- Білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балаларды білім беру ортасына анықтау;
- Мектепке дейінгі ұйым жағдайларында білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балаларға ерте түзету – педагогикалық қолдау көрсету;
- Стажер алаңдарының инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жұмыстарын ұйымдастыру;
- Инклюзивті тәжірибе жағдайларында білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.
Сонымен қатар, «Инклюзивті балабақша - инклюзивті мектеп -инклюзивті колледж» Республикалық пилоттық жоба шеңберінде 2016 жылдың тамызынан бастап Қарағанды облысына енгізілетін келешек іс-шаралар қарастырылды. Секция отырысына 82 педагог қатысты.