ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
24-08-2016 03:12
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

       2016 жылдың 24 тамызында Қарағанды  облысы  педагог қызметкерлерінің  тамыз  педагогикалық  кеңесінің  шеңберінде  «Инклюзивті  білім  беру  жағдайларында  білім  алуда  ерекше қажеттіліктерге  ие  балаларды  психологиялық – педагогикалық  сүйемелдеу»  тақырыбында  инклюзивті  білім  беру  бойынша  секциялық отырыс  өтті.

         Секциялық  отырысқа  Білім  беруді  дамытудың  оқу-әдістемелік  орталығының  өкілдері,  ОПМПК,  аудандық  және  қалалық  білім  бөлімдерінің  әдіскерлері,  Қарағанды  облысы  стажер  алаңдарының басшылары  мен  педагогтары  қатысты.

         Жұмыс  барысында  келесі  сұрақтар  қарастырылды:

        - Инклюзивті  білім  беруді  дамыту  жағдайларындағы  педагогтардың  кәсіби  біліктілігі;

        - Білім  алуда  ерекше  қажеттіліктерге  ие  балаларды  білім  беру  ортасына анықтау;

        - Мектепке  дейінгі  ұйым  жағдайларында  білім  алуда  ерекше қажеттіліктерге  ие  балаларға  ерте  түзету – педагогикалық  қолдау  көрсету;

       - Стажер  алаңдарының  инклюзивті  білім  беруді  дамыту  бойынша  жұмыстарын  ұйымдастыру;

        - Инклюзивті  тәжірибе  жағдайларында  білім  беру  үрдісін  психологиялық-педагогикалық  сүйемелдеу.         

         Сонымен  қатар,  «Инклюзивті  балабақша - инклюзивті  мектеп -инклюзивті  колледж» Республикалық  пилоттық  жоба  шеңберінде  2016 жылдың  тамызынан  бастап  Қарағанды  облысына  енгізілетін  келешек  іс-шаралар  қарастырылды. Секция  отырысына  82  педагог  қатысты.