2014-жылдың 6-қарашасында білім беруді дамытудың оқу -әдістемелік орталығында «Оқу -тәрбие үдерісін нормативті -құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың қатысушылары:директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары және ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлер.
Семинар төмендегідей негізде өтті:
1.Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ТжКББ дамыту бөлімінің әдіскері А.А. Еставлетованың баяндамасы. Баяндаманың тақырыбы: «Кезеңдік және қорытынды аттестациялаудағы ағымдық бақылауды өткізу».
2.Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ТжКББ дамыту бөлімінің әдіскері Р.А. Шаяханованың баяндамасы. Баяндаманың тақырыбы: «Оқу кестесін құрастырудағы ерекшеліктер».
3.Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ТжКББ дамыту бөлімінің әдіскері Т.Г. Нартованың баяндамасы. Баяндаманың тақырыбы: «Колледждің экспериментальді қызметін нормативті -құқықтық қамтамасыз ету».
4.Талқылау.Тәжірибе алмасу.
5. Қорытынды. Ұсыныстар.