15 тамыз 02 қыркүйек аралығында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін модернизациялау» модульдік бағдарламалар жобасы негізінде Қарағанды облысы колледждерінің эксперименттік білім беру бағдарламаларын әзірлеуде әдістемелік сүйемелдеу жүргізілді
02-09-2016 10:16

     Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері 15 тамыз 02 қыркүйек аралығында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін модернизациялау» модульдік бағдарламалар жобасы негізінде Қарағанды облысы колледждерінің эксперименттік білім беру бағдарламаларын әзірлеуде әдістемелік сүйемелдеу жүргізді.

    Облыс колледждері білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезіндегі нормативті құқықтық актілерді, әдістемелік құжаттарды ұсынды. Әдістемелік кеңес барысында әдіскерлер ұсынылған білім беру  және оқу бағдарламаларынан модульдік оқу бағдарламаларына тән сәйкестікті анықтады.